Жанды жадыратар жаңалықтың көп болғанын қалайтындардың бірімін. Сабыр сақтап, ертеңгі күнге сеніммен қарау, жақсылықтан үміт үзбеу де бізге жігер береді. Балаларымыздың риясыз күлкісі, алаңсыз ойыны да қуат береді. Оған қоса мемлекет тарапынан тиісті көмектерді алып жатырмыз. Отағасы да табылған жұмыстан бас тартпай, отбасын тарықтырмаудың қамымен жүр.
Мысалы, 42 500 теңгені өтінім берген соң еш қиындықсыз көп кешіктірмей алдық. Одан бұрын Түркістан қаласы әкімдігінен азаматтар балаларға тиесілі кепілдендірілген әлеуметтік көмекті әкеліп берді. Ол азаматтарға да алғысымызды айттық, балалар да қуанып қалды. Мұндай көмектердің қиын кезде берілетін қолдау екенін жақсы түсінеміз, әрине. «Аштықта жеген құйқаның, дәмі ауыздан кетпес» деген бар емес пе. Сондықтан да Үкіметке, әкімдікке айтар алғысымыз шексіз.
Мөлдір ӨТЕГЕНОВА,
Түркістан қаласының тұрғыны