• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Полицияны сыбаған алматылық заң алдында жауап беретін болды

329 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде  тәртіп сақшыларын балағаттаған азамат жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері хабарлады. Ер адам өз әрекеті үшін жұрттан кешірім де сұраған.

«Мен Қазақстан Республикасының барлық азаматтарынан және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Сіздерден мені түсініп, кешіргендеріңізді қалаймын. Мен ҚР заңнамасында көрсетілгендей заң алдында толық жауап беруге дайынмын», – деді ол.

«Жүргізілген мониторинг барысында азаматтың полиция қызметкерлерін қорлау фактісі анықталды. Ол өзінің Инстаграм парақшасында тәртіп сақшыларына арналған былапыт сөздері бар монологын жариялаған. Бірнеше рет камераға жағымсыз сөз айтқан. Бұл жігіт ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабымен билік өкілін қорлағаны үшін жазаланады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. Қылмыстық істі ПД тергеу басқармасы жүргізеді. Бүгін ол қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.