• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Түркістан: Келестік 130 шаруа қожалығы жылына үш рет өнім алуды көздеп отыр

404 рет
көрсетілді

Келес ауданының диқандары озық технологияны қолдана отырып,  жылына үш рет өнім алуды көздеп отыр. Бұл жобаны ауданда 130 шаруа қожалығы 706,7 гектар жерде іске асыратын болады. Алғашқы өнімін наурызда жинап, саудаға шығарған диқандар көп.

Мысалы, Жүзімдік ауылының тұрғыны Қаныбек Оспановтың 1,5 гектар жері бар. Соның 0,5 гектарына өткен жылы желтоқсан айында еккен шалқанды ерте көктемде жинап алған. Қалған 1 гектарына қызылша егіпті.

«Жыл сайын желтоқсан айында шалқанның «дунган» дейтін сұрпын пленка астына егеміз. Қарлы, жаңбырлы күндері үстін ашып, суарып аламыз. Ақпан айының соңы, наурыздың басында жиналған өнімді Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларына жөнелтеміз. 0,5 гектар жерден 3-4 тоннаға дейін өнім аламыз. Шалқанның келісін 100 теңгеден берудеміз. Ал, қызылша мамыр айының басында толық пісіп-жетіледі. Оны жинап болған соң орнына қырыққабат егеміз», - дейді Қаныбек Оспанов.

Иелігінде 282 гектар суармалы жері бар Бозай ауылының диқандары ерте пісетін қауын-қарбыз өсірумен айналысады. Солардың бірі Анарбек Арыстанов 12 гектар жерге қарбыз еккен. Оны жинап алған соң орнына бұршақ егуді жоспарлап отыр.

Жалпы 1346 техника дала жұмыстарына жұмылдырылған Келес ауданында биыл 24200 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілмек.

 

Түркістан облысы