ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолына екі тосқауыл бекетін қойып, қалада карантиндік талаптардың сақталуын қадағалауда. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алайда ескертуді елемейтіндер де көбейіп отыр, ғарышкерлер қаласында жүргізілген рейдтер төтенше жағдай талаптарын бұзудың 61 дерегін анықтады.
Соңғы тәулік ішінде 100-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 8 құқық бұзушылық белгілі болған.
Қазіргі таңда орын алған 61 факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жолданып, 33 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралды, онда 17 адамға айыппұл салынса, 16 тұрғын әкімшілік қамаққа алынған.