• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Қызылорда: Арнаулы жиынға 96 азамат шақырылды

241 рет
көрсетілді

Қызылорда облыстық аумақтық қорғаныс бригадасының арнаулы жиынына 25-35 жас аралағындағы әскери міндетті 96 азамат шақыртылды. Олар облыс орталығы мен Қазалы, Шиелі аудандарының елді мекендеріндегі қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Бұл туралы аймақ басшысының қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Ғалымжан Тасжанов мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған байланысты облыс әкімінің шешімімен аумақтық қорғаныс бригадасына әскери міндетті 40 азамат шақыртылып, Қызылорда қаласындағы індет ошақтарын залалсыздандыру жұмыстарына жұмылдырылды.

Әскери қызметкерлер облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы тарапынан үш мезгіл ыстық тамақ, арнайы киім және басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі.