• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Руханият 23 Сәуір, 2020

Жан-жүрегіммен сезініп отырмын

159 рет
көрсетілді

Мен ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулілер санатындағы адаммын. Бүгінгідей бүкіл әлемге қауіп төндірген, бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған ауыр кезеңді көруді маңдайымызға жазған екен. «Көппен көрген ұлы той» деген халық даналығын қаперімізге түйіп, ақыл мен сабырды тең ұстай білсек, нәубеті көп бұл зауалды да еңсеріп, көп кешікпей шат-шадыман шуақты күндермен қауышатын сәтке жетерміз деген үмітімізді үкілеп отырған жайымыз бар.

Облысымыздағы мұқтаж жан­дарға антисептик, медициналық бет­перде және көптеген азық-түлік өнім­дерін тегін жеткізіп беріп жатыр. Маған өздерін волонтерміз деп та­ныстырған екі жас бала бірсы­пыра дүние беріп кетті. Ішінде антисептикалық заттар, сабын, медициналық маска, макарон, қарақұмық, күріш, қант, өсімдік майы, шай, тұз, печенье дейсіз бе, күнделікті қажетті заттың бәрі бар. Бұл қамқорлығы үшін Үкімет пен жергілікті билік орындарына алғыс айтамын. Бұл аз ғана көмек болғанымен, мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетіліп отырған үлкен қамқорлық.

Осы Қостанай облысының өзінде қаншама отбасы мемлекет қамқорлығын көріп отыр. Енді еліміз аман, заман тыныш болып, қалыпты өмірге қайта оралсақ, бала-шағамыз оқуын, жұмысын жалғастырып, байтақ отанымыздың дамуына үлес қосса, саналы болса деп тілейміз. Сол берекелі тіршіліктің ортасында марқайып жүрсек дейміз.   

 

Толқын ҚАНЫБЕКОВА,

ІІ топ мүгедегі

 

Қостанай