Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент паркі маңындағы тосқауыл бекетіне жақын жердегі аумақта өрт оқиғасы орын алды.
Жергілікті 112 құтқару қызметіне кеше кешкі сағат 20.25 шамасында келіп түскен. Оқиға орнына №1, 2, 6 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жедел жеткен.
«Өртті оқшаулау шараларына барлығы 25 қызметкер жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында арнайы штаб құрылды. Штаб мүшелерінің бойынша шамамен 2 гектар алқаптағы жыңғыл, тораңғыл, жиде ағаштарына залал келген. Өрт салдарынан адам шығыны болған жоқ. Сондай-ақ, сол маңдағы тұрғын үйлерге зиян келген жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.