• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Сәуір, 2020

Қызылорда: Алты науқас та облыс орталығынан анықталды

512 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында кешегі тәулікте коронавирус жұқтырған 6 адам анықталып, ауруға шалдыққандар саны 157-ге жетті.

Өңірлік коммуникация қызметінде брифинг берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов жаңадан тіркелген 6 науқастың да қаладан шығып отырғанын айтты.

- Олардың үшеуі алдында науқаспен қарым-қатынаста болғандар есебінде карантинге жатқызылғандар. Екеуі қала іргесіндегі Талсуат елді мекенінде әлеуметтік қызмет алушылар, ал біреуі Атырау облысында вахталық жұмыс істейін қала тұрғыны, – деді облыстың бас дәрігері.

Қазір олар ауруханаға жатқызылып, тиісті ем-шаралары басталды. Жалпы облыс бойынша 2234 адам науқастармен қарым-қатынаста болғандар есебінде бақылауда тұр.