• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Отбасылық ескі фотосуреттерді жандандыруға арналған жаңа челлендж басталды

1053 рет
көрсетілді

Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған ерекше байқаудың бас жүлдесі – отбасылық кәсіби фотосессия. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа челлендж басталды. Оған ересектер мен балалар қатысады. Қатысушылар біраз жыл бұрын түсірілген фотосуретті қайталап, видеоға айналдыруы керек. Яғни, олар мұрағаттан бір фотосурет тауып, дәл сондай локацияда қайта түсіруі қажет.

«Қазір көп адам карантин кезінде көпшілікті біріктіруге арналған түрлі челлендж, флешмобтар ұйымдастыруда. Біз отбасы татулығын арттырып, олардың қарым-қатынасын нығайта түсуді мақсат еттік. Қазір көп елде карантин салдарынан отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтар жиілеп кетті. Біз отбасы құндылықтарының қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Бұл критерийлер жеңімпазды анықтау кезінде маңызды болады», – дейді челлендж ұйымдастырушысы Данияр Есен.

Байқауға инстаграм желісіндегі @daniyar_yesen парақшасында көрсетілген #мывместе #вместессемьей #жанұя хэштегтері арқылы қатысуға болады. Қатысушылар видеоны өңдеп, өз парақшасында жариялауы керек (жарыс кезінде парақша белсенді әрі ашық болуы қажет). Байқау қорытындысы 15 мамыр күні жарияланады. Бас жүлдеге – отбасылық кәсіби фотосессия.

Сондай-ақ елордалық белсенді тұрғындар төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты қала тұрғындары арасында тамақ дайындау, қолөнер, психология, спорт және білім беру салалары бойынша көптеген онлайн-курстар ұйымдастырады.