• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Руханият 24 Сәуір, 2020

Жас отбасыларға үлкен демеу

315 рет
көрсетілді

Екі баланың тәрбиесімен үйде отырған жас анамын. Күйеуім осы кезге дейін өзін өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырап келген еді. Төтенше жағдайға байланысты қалада карантин жарияланып, күйеуімнің жұмысы тоқтап қалды.

Өзім «Атамекен» палата­сының «Бизнес-Бастау» бағдар­ла­ма­сымен оқып, енді кәсі­бімді бастаған болатынмын. Ол да уақытша тоқтады. Мем­лекеттен берілетін 42 500 теңге көмек отбасымызға тағай­ындалғанын естігенде қуан­дық. Телефоныма хабарлама келген соң, үш күннің ішінде ақша түсті.

Бұл қаражат біз секілді жас отбасына үлкен қолдау бол­ды. Қиын кезеңде қол­ұшын бер­ген мемлекетке шек­­сіз риза­шылығымызды біл­­діреміз.

 

Гүлжаухар ЖАҢАБАЙ,

Шымкент қаласының тұрғыны