• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Президент 24 Сәуір, 2020

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

1285 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.

Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қол­дап, қайырымдылық көрсету игі дәс­түрге айналды.

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жама­ғатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орын­дауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. 

Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-бе­реке және толағай табыс тілеймін!