• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

Алматылықтарға тауға бармау туралы ескертілді

176 рет
көрсетілді

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі артып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

«Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және күннің ысуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы (2500 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері су алабында 24-30 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Төтенше жағдайдың алдын алуға байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар» делінген мәлімдемеде.

Соңғы күндері Алматы қаласы мен облысы аумағында тау бөктеріне демалысқа  шығатындардың қарасы көбейген. Мамандар тұрғындарды асығыстыққа бой алдырмауға шақырды. Осыған байланысты ескертулер азаматтардың ұялы байланыс нөмірлеріне де хабарлама ретінде жолданған.