• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2020

Елорда әкімі жылыту маусымында үздіксіз жұмыс істеген энергетиктерге алғыс білдірді

108 рет
көрсетілді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 мамырдан бастап «Астана Энергия» АҚ қызметкерлерінің еңбекақысы 10%-ке өседі. Сәуір айында қызметкерлерге сыйақы берілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

«Еліміздің астанасы әлемдегі ең суық астаналардың қатарына жатады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үйлері мен ғимараттарын, әлеуметтік нысандарын жылумен қамтамасыз етуге атсалыстыңыздар. Қыс мезгілі әрдайым сынақ. Қала мен халық санының өсу қарқынын ескере отырып, энергия көздеріне түсетін жүктеме де артады. Қазір ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 газға көшірумен, ЖЭО-3 құрылысымен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыстар келесі жылыту маусымында да үйлерге дәл осылай үздіксіз жылу беруге көмектеседі. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Жылыту маусымының аяқталуына орай, атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін!» - деді Алтай Көлгінов.  

Сондай-ақ елорда әкімі ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіру жұмыстарының барысымен танысып, алдағы жылыту маусымында жылу электр орталықтары қаланы газбен жылытуға дайын болу керектігін айтты.