Полиция департаменті хабарлағандай, 24 жастағы ер адам есірткіні палаудың ішіне жасырып түрмедегі танысына жібермек болған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 67 грамм болатын «гашиш» есірткісі болып шықты.
«Қаскөй СИ-18 ғимаратына сәлемдеме жіберген кезде ұсталды. Осылайша, ұсталған адамдарға есірткі тапсыру әрекеті тоқтатылды. Жеткізуші Алматы қаласында тұратын Н.есімді ер адам. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 296-бабы 2 бөлімі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Н. уақытша ұстау изоляторына орналастырылды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.