• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2020

Көліктік бақылау инспекторларына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды

132 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде орын алған жол-көлік бақылау постының мамандарына қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша Көкшетау қаласының полиция Департаментімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында аталған оқиғаға қатысы бар 5 күдікті азамат ұсталды. Бұл туралы ИИДМ көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсталған адамдарға қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаментінің мәліметтері бойынша ҚР ҚІЖК 389-бабының 3-бөлігінің санкциясы 3 мың АЕК (8,3 миллион теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу, түзету жұмыстары, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жаза көзделген.

Көліктік бақылау органдары тасымалдаушыға қатысты әкімшілік іс қозғап, 277 800 теңге көлемінде айыппұл салды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 14 сәуірінде «Көкшетау-Қостанай» айналма автожолында Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандары жылжымалы көліктік бақылау бекетінде кезекшілікті атқару кезінде Ресей Федерациясында тіркелген E006TB72 м/н «Камаз 53205» маркалы шетелдік автокөлік құралы (57kea03 м/н тіркемесі) тоқтатылған болатын.

2020 жылдың 15 сәуірінде сағат 14: 15-те Бекет мамандарына мемлекеттік тіркеу нөмірсіз үш жеңіл автокөлікпен (Lexus 470 қара түсті, Toyota Land Cruiser 200 шие түсті және Lada Largus ақ түсті) келген 5-6 адамнан тұратын белгісіз тұлғалар шабуыл жасады.

Жүктерді каботаждық тасымалдауды жүзеге асыратын ҚР Заңнамасымен тыйым салынған. Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші тасымалданатын жүкке құжаттарды ұсынбастан, автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ғана ұсынған.