• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

Қызылорда: Облыс әкімі әйгілі спортшыны қабылдады

1889 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімдігінде аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильинді қабылдады.  Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы әйгілі спортшының қолы жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, жерлестері оны әрдайым мақтаныш тұтатынын атап өтті. Қазіргідей карантин жағдайында зілтеміршінің жастарға мол үлгі-өнеге көрсете алатынын жеткізді. Мысал ретінде, онлайн жаттығулар жасап, жастардың спортқа деген ынта-жігерін арттыруға болатынын айтты.

–Сыр елінен өзіңдей спортшылардың шыққанын мақтан тұтамыз. Жас спортшылар үшін үлгі тұтар тұлғасыз. Аймаққа сіздің қолдауыңыз қажет. Ізіңізден еріп келе жатқан жастарға шеберлік пен білім-біліктілігіңізді үйретесіз деп сенемін. Қазір коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Қатерлі індетті жеңіп шыққан соң, аймақ дамуы үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз керек, - деді Гүлшара Наушақызы.

Спортшы облыс басшысының жылы лебізіне ризашылық білдіріп, өзінің алдағы жоспарлары жайлы айтып өтті.