Қатерлі індеттен айыққандардың бірі – 30 жастағы ер адам. Екіншісі 1972 жылы туған әйел кісі. Екеуі де вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар.
Ер адам 4 сәуірден бастап, әйел кісі 14 сәуірден бастап инфекциялық стационарда емделген. Екеуінің де жай-күйлері ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланған. Әйел кісіде екі жақты пневмония диагнозы болды.
Бүгінгі күні олар хаттамаға сәйкес емдеу курсынан өтіп, өзін жақсы сезінуде. Енді олар үй карантинінде болады. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан қосылған пациентті есепке ала отырып, коронавирустық инфекциядан 667 пациент емделуде.
1 адамның жай-күйі – өте ауыр, 21-інде – ауыр, 199-ында ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.
Провизор орталықтарда 458 адам, карантиндік оқшаулауда – 523 адам бар.