• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2020

Түркістан облысында індет жұқтырғандар саны 85-ке жетті

373 рет
көрсетілді

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді.

Атап айтқанда, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округінің 1990 жылы туған тұрғыны, Жетісай ауданы, Асық ата ауылдық округінің 1976 жылғы азаматынан вирус расталды. Сондай-ақ Ордабасы ауданы, Көкарал ауданының 1988 жылы туған тұрғыны мен осы ауданның Бадам ауылының 1969 жылғы тұрғыны Атырау қаласында жұмыс істеген. 20 сәуір күні «Атырау-Шымкент» авиарейсімен келген қос азамат тұрғылықты жері - Ордабасы ауданына жеткен. 21 сәуір күні екеуі де ауруханаға түскен.

Науқастар оқшауланған және тиісті ем қабылдауда. Жалпы облыс бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 85-ке жетті.

 

Түркістан облысы