• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Сәуір, 2020

Алматы маңында бір түнде екі мәрте жер сілкінді

583 рет
көрсетілді

Соңғы айда Алматы маңында жер сілкінісі жағдайлары жиілеген. Қуаты күшті болмаса да 2-3 балды құрайтын жер дүмпулері осы айда Қазақстан-Қытай шекарасына жақын аумақта, Алматы облысының аумағында бірнеше рет тіркелді. 25 сәуір, яғни өткен түнде  Алматы уақытымен 03 сағат 56 минутта және 06 сағат 55 минут 25 секундта қос бірдей жерасты дүмпуі тіркелді.

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі хабарлағандай, 25 сәуір күні болған алғашқы жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 130 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Тербелістің энергетикалық класы 11,5, магнитудасы – 4,5. Табиғаттың тосын мінезі Алматы қаласында 2 балдық деңгейде сезілген. 

Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 426 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағына жақын маңда орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы – 4,9. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.