• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Сәуір, 2020

Жексенбі: Алматыда 28 адам індет жұқтырды

163 рет
көрсетілді

Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 28 жағдайы тіркелді. Науқастанғандардың барлығы вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар. Түгелі дерлік карантинде провизорлық госпитальдарда емделіп жатқан адамдар.

Бүгінгі күні коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы 6 адам емдеуден шығарылды. Оның ішінде екі ер адам және төрт әйел кісі бар. Медицина қызметкерлері арасынан бір ер адам және үш әйел бар. Бесінші пациент Ыстамбұлдан ұшып келген, алтыншы адам Минскіден ұшып келген. Бұған дейін шетелден келген пациент провизорлық стационарда болған.

Үш пациенттің полисегментарлы екі жақты пневмониясының болуына байланысты жағдайы орташа, қалғандарының жағдайы індетті симптомсыз тасымалдаушы ретінде бағаланды.

Бүгінгі таңда мегаполисте емделіп жазылғандардың саны 96 адам.

Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан емдеуде Алматы облысынан қосылған пациентті есепке алғанда 739 адам бар.

Жалпы науқастанғандардың жай-күйлеріне келер болсақ, бір адамда – аса ауыр, 33 адамда – ауыр, 195 адамда – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.

Дәл бүгінгі күнге дейін Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырудың расталған 842 жағдайы тіркеліп отыр.