Бүгін Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққандар арасында Теңіз кенішінің тоғыз жұмысшысы бар.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, қауіпті індет белгісі табылғандардың сегізі –ер адам. Олар 1969, 1994, 1977, 1996, 1991, 1979, 1985, 1976 жылдары туған. Сондай-ақ, 1983 жылғы әйелден де коронавирус анықталған.
«Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын. Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Ауру ошақтарына дезинфекция жасалуда» -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.