• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Сәуір, 2020

4,2 млн-нан астам әлеуметтік төлем тағайындалды

399 рет
көрсетілді

27 сәуірдегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде кірістен айырылған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. Алғашқы айда берілгені  – 3 млн 731 мың, ал екінші айда 520 мың адамға тағайындалды.

27 сәуірдегі жағдай бойынша «42 500 теңге» төлемге 8 млн 23 мың адам өтініш берді.

Бірегей өтініштердің ең көп саны келесі өңірлерде:

Алматы облысы – 1 млн 45 мың; Түркістан облысы – 999,5 мың; Алматы қаласы – 896,6 мың; Нұр-Сұлтан қаласы – 594,5 мың; Шымкент қаласы – 534,5 мың.

Өңірлер бойынша жәрдемақы ең көп тағайындалған облыстар:

Алматы облысы – 620,5 мың; Түркістан облысы – 508,5 мың; Алматы облысы – 412,1 мың.

Әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларына сәйкес келмейтін 3 млн 672 мың өтінім қабылданбаған.Оның негізгі себептері мынадай:

өтініш берушінің жеке деректерінің дұрыс көрсетілмеуі; банктік шот нөмірінің дұрыс көрсетілмеуі; өтініш берушіде тұрақты жалақысының болуы (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); өтініш берушінің төтенше жағдай енгізілгенге дейін ресми жұмыс жасамаған зейнетақы мен жәрдемақы алушы болып табылуы; өтініш беруші үшін төтенше жағдай режімін енгізгенге дейін соңғы 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының жүргізілмеуі, БЖТ төлемеу немесе бейресми өзін-өзі жұмыспен қамғандардың өтініш бергенге дейін БЖТ төлемеуі; өтініш берушінің қайтыс болуы немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Өтініштің қаралу статусын 42500.enbek.kz сайтында тексеруге болады.

Қосымша қарауды талап ететін ерекше жағдайларда азаматтар 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz электрондық мекенжайларына жазбаша өтініш бере алады.

МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.