• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Түркістан: Індеттен айығып, отбасына оралғандар саны 26-ға жетті

152 рет
көрсетілді

Түркістан облысында, соңғы мәлімет бойынша, тағы 2 адам айығып, індеттен жазылғандар саны 26-ға жетті.

Ордабасы ауданының 1974 жылы туған тұрғыны және Кентау қаласы, Нұртас елді мекенінің 1982 жылғы тұрғынының талдама нәтижелері теріс көрсеткішке ие болған.

Өкінішке қарай, өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 1 азамат тіркелді. Түркістан қаласының 20 жастағы тұрғынынан COVID-19 инфекциясы расталды. Аталған азаматпен  жақын байланыста болғандар анықталуда. Науқас тиісті ем қабылдауда.

Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны – 109.

 

Түркістан облысы