• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Қызылорда: Алаяқтан абай бол!

326 рет
көрсетілді

Қызылордада жақын танысының сеніміне кіріп, оның төлқұжат нөмірі мен банк картасын пайдалану арқылы алаяқтық жасаған 26 жастағы азаматша сот алдына келді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол бірде жақын танысына қонаққа келіп, оның төлқұжат деректерін жасырын түрде ұялы телефон суретіне түсіріп алады. Көп ұзамай алдау арқылы оның банк картасын қолға түсіреді. Осы құжаттармен түрлі микрокредит ұйымдарынан несие алып, танысының мойнына қомақты қарызды іле салады. Бүгінгі таңда оның үстінен ҚР Қылмыстық кодекінің 190 бабының 4 бөлімімен қылмыстық іс тергеліп бітті.  Қазір сотта қаралуда.

Полицейлер қазір интернет арқылы алаяқтық жасау көбейіп бара жатқанын айтады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында осындай 162 қылмыстық оқиға орын алған.