• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Алматыда полиция қалай жұмыс істеп жатыр?

325 рет
көрсетілді

Алып мегаполис тұрғындары әлі де болса күшейтілген карантин режимінде өмір сүріп жатыр. Кейбір ірі кәсіпорындар жұмысын бастағанымен жолаушылар мен жүргізушілерді тексеру жұмыстары тоқтаған жоқ.

«Міндет – қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қызметкерлеріміз қаладағы 27 блок-бекет пен 41 мобильді бекетте карантин кезіндегі халықтың әрлі-берлі қатынауын қадағалайды. Еш себепсіз қалада жүріп-тұруға болмайтынын бұған дейін де айтқанбыз. Десе де тәртіпке бағынбайтындар әлі де табылуда. Қазіргі таңда 476-бап бойынша төтенше жағдай режимін бұзу жөнінде 1770 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 490 адам қамалса, қалған адамдарға айыппұл салынды немесе ескерту жасалды», – дейді Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Блок-бекеттерден бөлек, қала ішінде жұмыс істейтін мобильді жедел топтар шаhардың барлық аумақтарын, көшелерін тұтас қамтыған. Олар көліктің мемлекеттік нөмірін планшеттің көмегімен  арнайы база арқылы тексеріп, жүруге рұқсаттың бар-жоғын анықтайды. Ал қаланың тыныс-тіршілігіне қатысы бар жүк және қоғамдық көліктер арнайы жолақ арқылы өтеді. Егер көліктің карантин кезінде жүруге рұқсаты жоқ болып, еш себепсіз шықса, транспорт арнайы тұраққа жеткізіліп, жүргізушіге қомақты айыппұл салынады.