• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Жамбыл атындағы филармония үздік бестіктің сапында

776 рет
көрсетілді

Алматыдағы іргелі мәдениет ошақтарының бірі  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ТМД елдері бойынша үздік бестікке енді. Бұл ТурСтат туристік порталы жүргізген пост кеңестік елдердегі үздік филармониялардың рейтингін анықтау нәтижесінде белгілі болған.

Аталған  сараптама көрерменнің филармонияда өтетін концерттерге баруы және оның сайтындағы және әлеуметітк желідегі парақшаларындағы классикалық музыка концерттерінің онлайн көрсетілімін тамашалауы үшін жасалған.

Алғашқы үздік бестікке Мәскеудегі мемлекеттік академиялық филармония, Шостакович атындағы Санкт-Петербург академиялық филармониясы, Минскідегі Беларусь мемлекеттік филармониясы, Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және Бакудегі Мүслім Магомаев атындағы Әзербайжан мемлекеттік академиялық филармониясы енген. Бағалау кезінде филармонияның танымалдығы мен оның онлайн көрсетілетін концерттеріне талдау жасалып, соның нәтижесі ескерілген.

«Тереңнен тамыр алған өнер ұжымы Алматының ғана емес, тұтас қазақ мәдениетінің өткені мен бүгінінің айнасы. Қазақ руханиятына қомақты үлес қосқан дара дарын иелерінің ізі қалған ұжым халықты өнер кәусарымен сусындатып келеді. Біздің ұжымды қолдаған барша өнер сүйер қауымға алғыстан басқа айтарымыз жоқ» дейді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының баспасөз хатшысы Манар Алиева.