• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Түркістан: COVID-19 таулы аудандарға да жетті

658 рет
көрсетілді

Таулы аудандарды бөлектеп айтуымыздың себебі де бар. Осыған дейін өңірдің барлық аудандарында дерлік инфекция жұқтырғандар тіркелген болатын. Енді кеше Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы ауылының, бүгін Төлеби ауданы тұрғынының індет жұқтырғаны анықталып отыр.

Түркістан облысында 27 сәуірдегі соңғы  мәліметке сәйкес инфекция жұқтырған тағы 2 азамат тіркелді. Төлеби ауданы, Көксәйек ауылының 1936 жылы туған тұрғыны мен  Ордабасы ауданы, Бадам станциясының 1994 жылғы тұрғынынан COVID-19 инфекциясы расталды. Аталған азаматтармен  жақын байланыста болғандар анықталуда.

Облыстық жедел ақпарат штабының мәліметінше, қазіргі таңда Жетісай ауданында -21, Ордабасыда -9,  Кентау қаласы -9, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-5, Арыс қаласы -17, Түркістан қаласы-13, Бәйдібек-2,  Сарыағаш -16, Қазығұрт – 7, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданында 1 науқас тіркелген.

 

Түркістан облысы