• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Сәуір, 2020

Су ресурстары комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

684 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Арман Алашұлы Тұрлыбек берген өтінішіне сәйкес ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Тұрлыбек 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, Алматы мемлекеттік энергетика және байланыс университетін тәмамдаған. 

Түрлі жылдары Сәтпаев қаласы бірқатар коммерциялық құрылымында басшылық лауазымдар атқарған, Сәтпаев қалалық мәслихатында хатшы болған.

2000-2007 жылдары Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2007 жылдан 2010 жыл аралығында Қарағанды облысы әкімдігінде басшылық қызметтерді атқарды, Премьер-Министрдің орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды. 

2010 жылдан 2016 жыл аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 

2016 жылдан 2019 жыл аралығында Астана (Нұр-Сұлтан) қаласы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерді атқарды.  

2019 жылдың шілде айынан қазірге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.