• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Алматы облысындағы 64 соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден сыйақы берілді

550 рет
көрсетілді

Бүгінде Алматы облысында екінші дүниежүзі соғысына қатысқан 64 қарт жауынгер бар. Көзі тірі ардагерлерге Жеңістің 75 жылдығына орай 1 млн теңгеден сыйақы берілуде.

Жетісудағы майдангерлер мен тыл ардагерлері және оларға теңестірілгендердің дені Талдықорған қаласында тұрады екен. Қазір облыс орталығында қан майданнан аман оралған 10 қарт жауынгер, 1452 тыл ардагері, 65 майдангердің жесірі және фашистік концлагер тұтқыны болған 1 адам мекен етеді.

- Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлері назардан тыс қалмайды. Қаһармандардың бәріне бірдей әлеуметтік, материалдық көмек көрсетіледі. Облыстық бюджеттен Екінші дүниежүзі соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, жалпы 10 163 адамға бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Осы мақсатқа облыстық қазынадан 386 млн теңге қарастырылған. Ал Талдықорған қаласында тұратын 10 ардагерге лайықты құрмет көрсетуді бастап кеттік, - дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбеков.

 

Алматы облысы