• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2020

Атырау: Туған күнінде отшашу атқан тұрғын анықталды

516 рет
көрсетілді

Жұрттың көбі қауіпті індетті жұқтырмаудың амалын жасап жатса, біреулер  туған күнін отшашумен атап өтеді.

Атырау қаласының 47 жастағы бір тұрғыны кезекті туған күнінде дәл осылай думандатыпты. Әрине, ол отшашуды  өзінің жеке иелігіндегі үйінің ауласында түнгі сағат 22:00 шамасында атқан. Солай десек те, бұл –күшейтілген карантин талабын бұзу.

Осы дерекке байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары туған иесіне  ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабымен  (Төтенше жағдай режимін бұзу), сондай-ақ, 436-бабы (Елді мекендерде атыс қаруынан, газды пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша хаттамалар толтырды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік хаттамалар сотқа жолданды.