Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласынданысандарды ашудың екінші кезеңінде азық-түліктік емес тауарларын оnline-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметіне рұқсат етілді.
Ағымдағы жылдың 28 сәуірінен бастап, аталған компаниялардың қызметіне аудиттен өткен жағдайда және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «қызметке қойылған шектеулерді алып тастауға дайындық актісін» алған жағдайда рұқсат етілді.
Осыған байланысты, жұмыс тобының орынға баруы және көруі үшін 1-қосымшаға сәйкес, келесі электрондық мекенжайына өтініш жолдауыңыз қажет.
1. Азық-түліктік емес тауарларды Online-жеткізу(интернет-дүкендер, online-дүкендер) бойынша – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына хабарласу керек, onlinetrade20@mail.ru, анықтама үшін телефондар: 8 775 882 52 00, 8 775 882 53 92;
2.ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметі жөнінде – нысанның орналасқан жері бойынша аудан әкімдіктеріне хабарласу керек:
- dopusk_alatau@mail.ru – Алатау ауданы
- sto_dopusk@mail.ru – Алмалы ауданы
- auezov.orpp@mail.ru – Әуезов ауданы
- bostan_propusk@mail.ru – Бостандық ауданы
- trade088@mail.ru – Жетісу ауданы
- medeu_orpp@mail.ru – Медеу ауданы
- nau_prom@mail.ru – Наурызбай ауданы
- turksib2020@mail.ru – Түрксіб ауданы