Қазір төтенше жағдайға байланысты түрлі мекемелер, іскер азаматтар материалдық жағынан қиналып қалған азаматтарға қолдау таныту шараларын бастап кетті. Ешкімге жария қылмай осындай жақсылық жасап жүрген жеке адамдар да аз емес. Солардың бірі, Қызылорда қалалық пробация инспекторы. Аты-жөнін атамауды жөн көрген азамат өз қаражаты есебінен мұқтаж жандарға азық-түлік алып берді.
Темірдей қатаң тәртіпке бағынып, уақытпен санаспай жұмыс істеп жүрген пробация инспекторы алып берген азық-түлікті әріптестері мұқтаж отбасыға жеткізіп берді. Күнделікті ішіп-жемнен қинала бастағандар бұл қамқорлыққа дән риза болды.
Құқық саласы қызметкерінің бұл ісі көпке өнеге болсын делік.