• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Сәуір, 2020

Алматының Бостандық ауданында 6 мың жанұяға көмек көрсетілді

128 рет
көрсетілді

Алматы қаласында қайырымдылық шаралары үзіліссіз жалғасып жатыр. Игі бастаманың қанат қағуына шаһардың аудандары да айрықша үлес қосуда. Мәселен, Бостандық ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 6 мың отбасына көмек берілген.

Бірінші кезекте қажетті деген азық-түлік тауарлары толтырылған себеттер аз қамтылған көпбалалы жанұяларға табысталды. Аталған көмектен 1-2 -3-топтағы мүгедек жандар мен қараушысы жоқ қариялар да қалыс қалған жоқ.  

«Алты мыңға жуық жанұяға қолдау көрсеттік. Оның ішінде төрт мыңға тарта бетперде таратылды. 900 адамға демеушілер ұсынған жақсылық жәшіктері үлестірілді.  2000-ға жуық мұқтаж жанға тиісті көмек  «Жаңа Алатау» қоры арқылы берілді. Еріктілер қауымы мен әкімдік қызметкерлері таңнан кешке дейін қайырымдылық шарасымен айналысуда. Әлеуметтік қызметкерлеріміз де ерікті болып жүр», – дейді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева.