• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2010

ЖАҢА БИІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

574 рет
көрсетілді

Өткен 2009 жылы “Жол картасы” бағдарламасы аясында елімізде көп­те­ген ауыз толтырып айтарлық жұмыстар ат­қарылды. Соның аясында ауданы­мыз­да да көп жылдан бері жөндеу көр­ме­ген мектептер мен ауруханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар, 3 жаңа мектеп ашыл­ды, 3 балабақша іске қосылып, қазіргі таңда оның нәтижесін көріп те отырмыз. “Жол картасы” бағдарламасы­ның жас­тарға берген көмегі көп болды. Ауда­нымызда жұмыссыз жүрген жастар жұ­мыс­пен қамты­лып, көптеген жас өз ма­ман­дық­тары бойынша жұмысқа орна­ласты. Биылғы Жолдауда “Жол картасы­ның” жалғасатындығы, бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлінетіндігі атап көрсетілді. Енді соның нәтижесінде биыл да қаншама жұмыссыз жүрген жастар еңбекке араласып, өз маман­дықтары бойынша жұмысқа орнала­сатындығы көңілімізге үлкен сенім ұялатады. Сонымен қатар, әлеуметтік салаларға бөлінетін қаржы көлемінің ұлғаятыны көңіл қуантып отыр. Біздерді биылғы Жолдаудағы жаңа міндеттер жігерлендіре түседі. С.МАМАНОВ, “Созақ жастары” қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Оңтүстік Қазақстан облысы.