• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Қызылорда: Шектеу шаралары біртіндеп бәсеңдей береді

323 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, онда Мемлекет басшысының елдегі коронавирус індетіне байланысты жарияланған үндеуінен туындайтын тапсырмалардың орындалуы талқыланды.

Өңір басшысы қазір облыс әкімдігі карантиндік шараларды бәсеңдету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті. Ол 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында екі кезеңге бөлінген. Алдымен өндіріс, шағын және орта бизнес, құрылыс, қоғамдық көлік жұмысы іске қосылады. Сондай-ақ, балалардың ойын алаңдарына жіберілуі, көп қабатты үйлердің аулаларында серуендеуі, саяжай иелерінің учаскелеріне шығуы қарастырылады.

Жалпы індетпен күрес шаралары менің күнделікті жеке бақылауымда. Бұған дейін де тиісті нақты тапсырмалар берілген. Бірінші кезекте, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үндеуінде айтылған тапсырмалардан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруымыз керек,– деді Гүлшара Наушақызы.

Карантин шаруа қожалықтарының жаппай егіс науқанына кірісуге кедергі келтірген жоқ. Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов жүргізіліп жатқан дала жұмыстары туралы баяндады

Жалпы облыс бойынша 183,1 мың гектарға егу межеленген. Негізгі дақыл - күрiштің көлемі 88,2 мың гектарға жоспарланған. Алайда, биыл су тапшы болады деп болжанғандықтан аудандардағы күріш егісі көлемі 2100 гектарға азайтылды. Егіншілер минералды тыңайтқыш және тұқымдармен толық қамтамасыз етілді, техника егін егуге дайын. Карантин жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына бақылау жүргізіледі, –деді Бахыт Жаханов.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері және тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына егін жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы атқаруды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.