• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Сәуір, 2020

Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласында жойқын жарылыс болды

114 рет
көрсетілді

Африн қаласындағы жарылыстан 40 адамның өмірі қиылды. Олардың ішінде 11 бала бар. 47 тұрғын түрлі жарақат алған.

Түркияның көршілес Хатай провинциясының губернаторының айтуынша, сауда базарында жанармай тасымалдаушы көлікке орнатылған гранаталар жарылған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мерт болғандардың арасында түрік әскерлері де бар.

Түркияның қорғаныс министрлігі террорлық әрекетке Сириядағы күрд жасақтарын айыптап отыр. Қазір Африн түрік әскері мен Сирия оппозициясының одақтық топтарының бақылауында.