• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Алматы: Қала тұрғындары мен саяжай иелері қандай ережелерді ұстануы қажет?

284 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша карантин жағдайындағы қауіптерді сейілту мақсатында карантин кезеңінде балалар алаңдарына, бау-бақша (саяжай) учаскелеріне бару шарттары енгізілді.

Құжатқа сәйкес, тұрғындар балалар алаңдары мен аулаларға 5:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта ғана бара алады. Сондай-ақ олар алаңдар мен аулалар аумағына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін болады. Барлық қолжетімді жерлерде, ең алдымен хабарландыру тақталарында карантиндік тәртіпті сақтау шеңберінде талап етілетін жеке және заңды тұлғалар үшін шектеулердің барлық түрлері туралы ескертпелер орналастырылады.

Алматы қаласының тұрғындары балалар алаңдары мен аулаларға, бау-бақша (саяжай) учаскелеріне барған кезде 2 метрден кем емес аралықта әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет. Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады. Өздерімен бірге жеке қорғану құралдарын алып жүру және бетперде тағу талап етіледі.

Өз кезегінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілген шараларды орындау бойынша көшелерді, аулалар мен алаңдарды тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді.