• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Маңғыстау облысы: Сенек ауылының 10 тұрғынынан коронавирус анықталды

839 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам анықталды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.

Вирус жұқтырған 1989, 1996 және 2014 жылғы 3 ер азамат және 1983, 1994, 2005, 2006, 2006, 2012 және 2018 жылғы 7 азаматша өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Барлығы бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Науқастардың барлығы Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғындары. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Қазір Сенек ауылында толықтай дезинфекциялық жұмыстар басталып кетті, делінген хабарламада.

29.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 44 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Ақтауда – 18, Жаңаөзенде – 5, Маңғыстау ауданында – 4, Мұнайлы ауданында – 3, Қарақия ауданы – 14, жазылып шыққаны – 7, қайтыс болған – 1 адам.

 

Маңғыстау облысы