• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Тағы бір тұрғыннан жұқпалы індет белгісі табылды

671 рет
көрсетілді

Осы сәтке дейін мәлім болған дерек бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 114 адамға жетті. Бүгін Іле ауданында тағы бір тұрғыннан індет белгісі табылды.

- Іле ауданында бүгін COVID-19 инфекциясымен ауырған тағы 1 адам тіркелді. Профилактикалық тексерілу  кезінде 1988 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жұқпалы індет белгісі анықталған азамат 47 адаммен қарым-қатынас жасаған, олардың барлығы оқшауланды. Оның ішінде 34 адамның тексеру қорытындылары таза болып шықты, эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.