Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, бүгін Атырауда 60-шы пациент қауіпті індеттен жазылып шықты.
–Бүгін 23 жастағы жергілікті тұрғында коронавирус инфекциясына бақылау сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Алайда, жүкті әйел «пневмония» диагнозымен жұқпалы аурулар стационарынан облыстық ауруханаға ауыстырылды. Ана мен баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себептен, әйел инфекциялық стационардың жанынан тиісті ем қабылдайды, деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
Атырау облысында қауіпті індетті 131 адам жұқтырды. Оның 60-ы жазылып шыққан.