• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Семей әуежайына ұлы Абайдың есімі берілді

844 рет
көрсетілді

26 сәуір күні Семей халықаралық әуежайына Абай есімі берілді.

Бұл туралы Семей қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина хабарлады. Оның айтуынша, ғимаратқа ақынның есімін беру жөніндегі республикалық ономастикалық комиссияның шешімі шығыпты. «Осы шешімге сәйкес 26 сәуір күні Семей халықаралық әуежайына Абай есімі берілді. Тиісті құжаттар келді. Сонымен қатар комиссия шешімімен қаладағы № 47 орта мектепке Ахмет Байтұрсынов, №37 орта мектепке Ыбырай Алтынсарин, №39 мектепке Әлихан Бөкейханов, №34 мектепке Бауыржан Момышұлы және № 2 мектепке Қаныш Сәтпаев есімдері берілді» дейді Н.Аққожина.

СЕМЕЙ