• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Қолыңнан келсе қолдау жаса...

128 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстандық қоғамдық ұйымдар ерекше режімде еңбек етіп жатқан полицейлер мен медициналық қызметкерлерге қолдан келген көмектерін көрсетуде.

Олар блок бекеттерде жаман індетті қала мен елді мекендерге енгізуі мүмкін жолаушыларды қатаң тексерістен өткізіп, күндіз-түні кезекшілікте тұрғандарға антисептик, бетперде, бір реттік сақтандыру костюмдерін, тіпті дәмді тағамдар мен көкөністер де жеткізіп беруде. 

«Қазіргі уақытта бізде барлық қорғаныс құралдары бар. Алайда, жағдайға бей-жай қарамайтын қала тұрғындарының қайырымдылығына ризашылығымызды білдіреміз», - деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Қанат Әлімжанов.

Сондай жанашыр ұйымдардың арасында облыстық салалық кәсіподақтың өкілдері медициналық қызметкерлерге қорғаныс костюмдерін жеткізіп берген. Сонымен қатар, олар бетперделер де әкелген. Күзетшілерге дәмді тамақтар да әкеліп, олардың бір мезгіл үйдің тамағын ішуіне мүмкіндік жасаған. Мұндай қайырымдылық істерден «Іскер әйелдер қауымдастығы», «Қазақстан халқы ассамблеясы», «Еріктілер ұйымы», кәсіпкерлер де қалыс қалмады. Осы іс-шараларды ұйымдастыруға Полиция департаменті жанындағы Консультативті-кеңесші органның мүшелері де елеулі үлес қосты. «Біз Полиция департаменті жанындағы Консультативті-кеңесші органның (ККО) мүшелері болғандықтан, көмек көрсетуден шет қала алмадық. Тәртіп сақшыларына қазіргі уақытта кез-келген қолдау қажет, бұл олардың өз міндеттеріне деген жауапкершілігін арттырады», - дейді ККО мүшесі Ерлан Тоқшылық.

Солтүстік Қазақстан облысы