Бұдан былай атыраулық балалар ата-анасының қадағалауымен ойын алаңдарында серуендей алады.
Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, осыған орай Атырау облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енгізілді. Қаулыдағы өзгеріске сәйкес, балалардың таңертеңгі сағат 10:00-ден 12:00-ге, кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге тұрғылықты жерінен 200 метр қашықта серуендеуіне рұқсат беріліп отыр.
Әрине, балалар да медициналық маска тағып, сақтық шараларын сақтауы тиіс.