Алдағы уақытта өңірлерді дамытуға бюджеттен 147 млрд теңге қарастырылмақ. Оның ішінде ауылды елді мекендерде 10 мыңнан астам жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа облыс орталықтарының, шағын және моноқалалардың, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын және де ірі қалалардың шет аймақтарын дамытуға, сондай-ақ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер беру көзделіп отыр.
Осы ретте, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Алматы облысына 17,4 млрд теңге, Ақмола облысына 15,9 млрд теңге және Түркістан облысына 14,1 млрд теңге қарастырылып отыр.
Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл ауылдық елді мекендерде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жалпы бұл бағдарламаға биыл 84 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.