• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Өскеменде серуендейтін кемелер Ертіске шығады

619 рет
көрсетілді

Иә, өзендермен өрілген Өскеменде кеме жүзсе қандай жарасымды!

Иә, өзендермен өрілген Өскеменде кеме жүзсе қандай жарасымды! Биыл облыстық Туризм басқармасы Ертістің айдынына қала тұрғындарының серуендеуіне арналған үш шағын кеме шығаруды жоспарлап отыр. Бұл кемелер шаһар жұртшылығы ауызекі тілде «Стрелка» деп атап кеткен Өзен вокзалынан жолаушыларды қабылдамақ. Қаладағы «Белалекс» фирмасының директоры Олег Белов су көлігіне сұранысты арттыру үшін кеме бағытын «Самал» саяжайына дейін ұзартса деген өтінішін білдіріпті. Алайда ол саяжайда кеме тоқтайтын айлақ жоқ екен. «Бұл мәселені шешудің жолдарын қарастырайық. Өзен үстімен серуендеушілер қатары мол болса, айлақ жасайық, айналма жол істейік» дейді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

ӨСКЕМЕН