• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 29 Сәуір, 2020

Қызылорда облысы: Жолаушылар көлігі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

943 рет
көрсетілді

Облыс әкімінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі өкімімен Тілеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Мұрат Жолкелдіұлы 1963 жылы дүниеге келген. 1985 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер-құрылысшы, 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» трестінің жұмысшысы ретінде бастаған. 

1988-1993 жылдары - Қызылорда қалалық «Қызылордақұрылыс» тресті ЛКСМ комитетінің хатшысы, трестке қарасты «Мақсат» шағын кәсіпорнының инженер жабдықтаушысы, 1993-1995 жылдары «Айбек» шағын кәсіпорнының директоры, 1997-1999 жылдары - Ақмаржан» АҚ филиалының «Реалбазасы» директоры, 1999-2010 жылдары - «Жабдықтау» ЖШС бас директоры болған. 

2010-2013 жылдары - Оңтүстік өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша филиалының бас маманы, 2013 - 2015 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2017 жылдары - Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының басшысы қызметтерін атқарған. 

2019 жылдан осы кезге дейін Қылылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.