Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 198-ге жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов мәлімдеді.
- Соңғы тәулікте облыс орталығында жаңадан 11 жағдай анықталды. Олардың барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болып, карантиндік бақылауға алынғандар. Тіркелген науқастардың алтауы медицина саласының қызметкері. Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда, – деді Жақсылық Әбдісәметов.