Америкалық бизнесмен, Tesla және SpaceX компаниясының жетекшісі Илон Маск АҚШ билігін елдегі карантинді тоқтатуға шақырды.
Атақты кәсіпкер Уолл-стрит журналының «Карантин адамдардың өмірін сақтап қала ма?» деген мақаласына жауап ретінде әлеуметтік желідегі парақшасына «Адамдарға өз бостандығын бер!» деп пікір қалдырған.
Бұрын кәсіпкер Tesla қызметкерлеріне инфекцияның таралуы аясында үйде болуға рұқсат берген болатын. «Егер сіз кішкене болса да ауырып қалсаңыз не өзіңізді жайсыз сезінсеңіз жұмысқа баруға міндетті емессіз», делінген кәсіпкердің қызметкерлерге жолдаған хатында.
Сонымен бірге, ол вирус айналасындағы толқуды қажетсіз деп санайтынын баса айтты. Оның пікірінше, карантиннен кейінгі дүрбелең қазіргі жағдайдан да қауіптірек.