Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы болып Жаманбаева Жамал Әбдібекқызы тағайындалды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.
Ж.Жаманбаеа 1965 жылдың 15 тамызында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1988 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Еңбек өтілі - 31 жыл.
1988-1989 ж – Жаңаөзен қалалық перзентхана интернатурасында;
1989-2002 ж – Бейнеу аудандық перзентханасында босану бөлімінің меңгерушісі;
1996-1997 ж – Бейнеу аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары;
2002-2004 ж – Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы;
2004-2009 ж – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы;
2009-2011 ж – Ақтау қалалық перзентханасының директоры;
2011 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін – Облыстық перинаталдық орталықтың директоры қызметін атқарды.