• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Сәуір, 2020

Алматы әкімінің орынбасары шаһардың бас дәрігерлерімен кеңес өткізді

212 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бейне-конференциялық байланыс режімінде қалалық инфекциялық және провизиялық ауруханалардың бас дәрігерлерімен кеңес өткізді.

Жиынға мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қатысты.

Жиынның басты мақсаты – COVID-19 жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы бас дәрігерлердің есебін тыңдау.

Ішкі инфекциялық бақылауды күшейту, эпидемияға қарсы режим стандарттарын сақтау және дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мәселелері қаралды. Сондай-ақ медициналық ұйымдарды ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету, оны персоналдың дұрыс пайдалануын қадағалай мәселесі сөз болды. Инфекциялық палаталардағы сүзгі-бокстарының жұмысын ұйымдастыру, мекемелердің үй-жайларды «таза» және инфекцияланған аймақтарға бөлу қағидатын сақтауы, сондай-ақ желдету, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, қабылдау бөлімшелерінің «3H» (триаж) жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және т.б. мәселелері де тілге тиек етілді.

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин медициналық ұйымдар қабылдаған еңбек қауіпсіздігі шаралары бойынша жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасап, баяндады.

Бүгінде Алматыда 1320 төсек-орынға арналған 7 жұқпалы стационар жұмыс істейді. Атап айтқанда, провизорлық емдеуге жатқызу үшін 1164 төсек-орынға арналған 12 стационар белгіленді.

№2 қалалық перзентхананың бас дәрігері Г. Нұрланова, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы (модульді аурухана) филиалының меңгерушісі М. Мұқашев, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің м.а. Е. Алиби, дәрігер әрі психикалық денсаулық орталығының бас дәрігерінің м.а. Ж. Жолдыбаеваның баяндамалары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасына медициналық ұйымдар мен карантиндік нысандардағы қорғау режімін қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Ал Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.